🍫 Эклер 🍫 ✔ Құрамы: ➖ Су – 1 стакан (200 мл.) ➖ ұн – 1 стакан (130 г.) ➖ сары май – 100 г. ➖ Жұмыртқа – 3 дана ➖ Тұз – 0,5 шай қасық ➖ Қою қайнатылған қантты сүт (вареная сгущенка) – 1 банка (қажетінше) ✔ Дайындалуы: ✔ Ыдысқа суды құйып отқа қоясыз. Майды және тұзды қосасыз. Бәрі қайнаған кезде ұнды салып, түйнектер пайда болмауы үшін үнемі араластыра отырасыз. Өте баяу отта араластырып 1-3 минуттай ұстайсыз. ✔ Суыған қамырға жұмыртқаларды кезекпен қоса отырып миксермен соғасыз (немесе жақсылап қасықпен де араластырсаңыз болады). Дайын қамырды кондитерлік шприц көмегімен пергамент төсеп майлап алынған пішінге салыңыз. ✔ Пешті 170 градуста, әрі кетсе 220 градусқа дейін қыздырыңыз. Градус мөлшерін күте алатын уақытыңызға және қаншалықты қызарғанын қалайтыныңызға байланысты. Мысалы, уақытыңыз асығыс болмаса және сәл қызарыңқы болғанын қаласаңыз 170 С пеште 30-40 минут пісіресіз. Уақыт үнемдеу керек болғанда 220 С-та 20-30 минут пісіріп түсі қанық қоңыр эклерді дайындай аласыз. ✔ Ендігі кезекте дайындап алған эклеріңіздің ішін кондитерлік шприц арқылы немесе пышақпен сәл тесіп қасықпен қою қайнатылған қантты сүтпен толтырасыз. Ослайша үлкен де, кіші де сүйсініп жейтін француздық дәмділер дайын болмақ. Бұл дәмдіні шаймен немесе басқада сусындармен ішсеңіз сізге өзіндік ерекше көңіл-күй сыйлайтынына сенімдімін. 😋 Асыңыз дәмді болсын! 😋

Теги других блогов: рецепт французская кухня эклер